Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды

13.06.2019 21:05

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады және қабылданады деп жоспарлануда

Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына келді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады және қабылданады деп жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, хабарламада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен екіжақты кездесулер өткізетіні айталған.