Мемлекет басшысы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты

Фото: Берик Уали
Фото: Берик Уали
Салтанатты шеруде 13 мыңнан астам әскери қызметші, 216 әскери техника және әртүрлі 75 әскери ұшу аппараты сап түзеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде өткен Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа құрметті қонақ ретінде қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің бастамасымен Мемлекет басшылары және Үкімет жетекшілері деңгейінде өткен салтанатты шарада Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Молдова Президенті Игорь Додон, Сербия Президенті Александр Вучич, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, сондай-ақ, бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылары болды. 

Президент «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойды. Қызыл алаңда өткен әскери парадты тамашалады. Салтанатты шеруде 13 мыңнан астам әскери қызметші, 216 әскери техника және әртүрлі 75 әскери ұшу аппараты сап түзеді. 

Қызыл алаңнан 53 жаяу әскер колоннасы, ТМД елдері және басқа да шет мемлекеттердің қарулы күштерінен құралған 13 топ салтанатты түрде сап құрап өтті. Аталған шараға Қазақстан Республикасының атынан десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінің 55 сарбазы қатысты.

Новости партнеров