|
21.05.2020 | 16:09
1290

Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев төл мереке иелеріне шабыт пен табыс тіледі

Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады Фото: akorda.kz
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер шығармашылық жетістіктеріңізбен Қазақстанның атын дәріптеп, ұлттың өнегелі мәдениетін қалыптастыруға, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани мұраны сақтауға үлес қосып келесіздер. Шабыт және табыс тілеймін!», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Айта кетсек, 21 мамырда жылдағы дәстүр бойынша Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтіледі.  


 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир