ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов республикалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жазу ниеті бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұрсұлтан Әбішұлы - ұлы адам. Ол жайында «Елбасы көмекші көзімен» деп аталатын кітап жазамын», - деді К.Мәсімов.
Оның атап өтуінше, кітап барынша қызықты болмақ.
«Жабық» беттері бар кітап қызықты болады», - деді ҚР ҰҚК төрағасы.
Айта кетейік, Кәрім Мәсімов 2016 жылдың 8 қыркүйегінде еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді.
Кәрім Қажымқанұлы 2003-2006 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі, премьер-министрдің орынбасары болған еді. Сонымен қатар ол 2007-2012 және 2014-2016 жылдары екі рет ел Үкіметін басқарды. ҚР Президенті Әкімшілігіне жетекшілік етті.