Елбасы партияны ел Президенті басқаруы тиіс екенін атап өтті
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының Төрағасы өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдап, партияны ел Президенті басқаруы тиіс екенін атап өтті. Өкілеттіктерді беру рәсімі партияның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады", – деп жазды Айдос Үкібай.