Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Ақорда
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Астанаға ресми сапармен келгені үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ақорда» резиденциясында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжанның әнұрандары орындалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Астанаға ресми сапармен келгені үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтты.

«Былтыр тамыз айында мен Бакуге сапармен бардым. Бұл сапарым аса нәтижелі болды және екіжақты қатынастарға тың серпін берді. Қазір президенттердің екі ел үкіметіне берген тапсырмаларының орындалу барысын пысықтау қажеттілігі туды.  Әзербайжан мен Қазақстан – бауырлас әрі достас мемлекеттер. Біздің тарапымыздан сауда-экономика және инвестиция салаларындағы жан-жақты ынтымақтастықты, сондай-ақ екіжақты форматтағы және халықаралық ұйымдар аясындағы саяси қарым-қатынасты дамыту үшін барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Біз Кавказ аймағында жетекші рөл атқаратын Әзербайжан мемлекетімен экономикалық қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту  үшін ауқымды жұмыс жүргізуді көздеп отырмыз. Біздің арамызда ешқандай мәселе жоқ. Тек қана осы бағытта алға ілгерілеуге деген ниет қана бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Новости партнеров