Оның айтуынша, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы қатардағы елдерге жаңа транзиттік дәліздерді нығайтуға мүмкіндік береді
«Бұл аталған келелі кездесу диалог пен ынтымақтастық үшін тұғырнама болады». Мұндай пікірді Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Серік Белгібаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол тоғыз елді біріктіретін ұйым 23 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын және халықаралық қатынастарды нығайту үшін тұрақты түрде белсенді екенін атап өтті. Сарапшының айтуынша, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы қатардағы елдерге жаңа транзиттік дәліздерді нығайтуға мүмкіндік береді.
«Бұл саяси науқан ерекше маңызға ие. Өйткені, саммит - әлемдегі соңғы саяси процестердің транзиттік мәселелерін шешуге ықпал етеді. Ал, аталған инфрақұрылым транзиті бірқатар маршруттарға қатысты. Мәселен Қытайдан Еуропаға, әрі Ауғанстаннан Үндістан мен Пәкістанға өтетін перспективалық маршруттарды да осы ретте атап өтуге болады», – деді Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Серік Белгібаев.
Алдағы саммиттің тағы бір маңызды қадамын сарапшы Бауыржан Әукен атап өтті. Ол саммит аясында инвестициялық қор құру - дұрыс шешім деген пікірде. Естеріңізге сала кетейін, бұл ұсынысты былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан еді. Сарапшының пікірінше, мұндай қор құру - ұйым мүшелері арасындағы қарым-қатынасқа жаңа серпін береді және ірі экономикалық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға көмектеседі.
«Инвестициялық қор ұйым аясында нақты экономикалық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Себебі ол еліміздегі Транс Каспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға оңтүстік солтүстік бағытындағы, батыс шығыс бағытындағы сауда-логистикалық маршруттардың даму аясындағы жобаларды іске асыруға айтарлықтай мүмкіншіліктер береді», – деді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты азиялық зерттеулер бөлімінің аға сарапшысы Бауыржан Әукен.
Оқи отырыңыз: Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шариф ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді