Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді, деп Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.
«Сапар барысында Мемлекет басшысы Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастық форумына қатысады деп жоспарланған. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті өңірдің бірқатар кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарын аралап, Қостанай қаласы әкімдігі қоғамдық қабылдауының жұмысымен танысады», - деп жазады Берік Уәли.