Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Акорда
Акорда
Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасымен одақтастық қарым-қатынастарды тереңдете беруге бейілді екенін атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қырғыз тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентінің міндетін атқарушы, Премьер-министрі Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары қазақ-қырғыз қатынасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға уағдаласып, екіжақты байланыстардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Әңгімелесу барысында Садыр Жапаров қазіргідей қиын кезеңде Қырғызстанға үнемі қолдау көрсетіп, көмек бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және жалпы қазақ халқына алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасымен одақтастық қарым-қатынастарды тереңдете беруге бейілді екенін атап өтті.

«Біз Қырғызстанның саяси тұрақтылығы мен экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне тілекшіміз. Қазақстан осындай қиын уақытта бауырлас елді әрдайым қолдаған және қолдай береді», – деді Қазақстан Президенті.

Новости партнеров