|
14.05.2019 | 16:23
4111

Таспиховтың сенімді өкілдері дәрігерлердің жалақсынын көтеруді қозғады

Амангельды Таспихов встретился с молодежью СКО

Таспиховтың сенімді өкілдері дәрігерлердің жалақсынын көтеруді қозғады

Еліміздің Кәсіподақтар федарациясынан Президенттікке ұсынылған үміткер Аманкелді Таспиховтың республикалық қоғамдық штабының өкілдері  Нұр-Сұлтандағы онкологиялық орталық мамандарымен кездесті. Олар медицина саласы мамандарының мәртебесін көтеру – кәсіподақ  ұйымының міндеттерінің бірі екендігін айтып, еңбек  қауіпсіздігі жөніндегі ереже-талаптарға тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Соңғы жылдары медицина саласы еңбеккерлерінің жалақысы бірнеше есеге өсіп, түрлі сауықтыру  орындарына  жолдама беру сияқты шаралар біртіндеп жүзеге аса бастады. Бұл игі бағдарламалардың іске асуына кәсіподақ ұйымы да атсалысып келеді.

«Бірінші мәселе – медицина қызметкерлерінің еңбегіне лайық жалақы қалыптастыру. Екінші мәселе – қолайлы жұмыс орындарын құру. Үшінші мәселе – қауіпсіз еңбек жағдайын қалаптастыру. Бұлардың барлығы дәрігерлер ғана емес, медбикелерге де тікелей қатысты.  Оның ішінде ұжымдық еңбек шарттарын құру да бар. Қалайда осы жағын реттеу  керек. Сол үшін біз бүгін осы жерде өзі  тұғырнамамызды жеткізейік деп келдік», – деді ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың республикалық қоғамдық штабының тең жетекшісі Сатыпалды ДӘУІТАЛИН.

«Бұл кісінің бағдарламасындағы қарапайым жұмысшылардың, медицина қызметкерлерінің жалақысын көбейту және  жұмыс қауіпсіздігін күшейту дегені бізге ұнады. Егер шын мәнінде айтылғандар  орындалса, онда бізге жақсы болар еді», – деді дәрігер Харби МӘДИЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир