Е. Саиров: Жерді шетелдіктерге сатпау – ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін үлкен қадам

14.05.2021 21:38

Ол халыққа, мемлекетке пайда әкелуі керек

Фото: elorda.info

Дүниежүзінде геосаяси, геоэкономикалық өзгерістер болып жатқанда жерді шетелдіктерге сатпау – ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін үлкен қадам. Осылай деген саясаттанушы Ерлан Саиров ауылшаруашылық жерлерін экономикалық айналымға енгізу керек дейді. Яғни, жер дегеніміз бірінші экономикалық ресурс. Ол халыққа, мемлекетке пайда әкелуі керек деп санайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сондықтан бүгінгі таңда, менің ойымша, жерді жүйелеу, оның кадастрын жасау, сонымен бірге  мынау игерілмей жатқан ауылшаруашылығы жерлерінің барлығын мемлекеттің иелігіне қайтадан алып, оған өзіміздің осы Қазақстандық азаматтардан егесін тауып, осы жерді экономикалық айналымға яғни біздің мемлкетімізге, елімізге, халқымызға игілігіне қызмет ететін үлкен бір ресурсқа айналдыру керек», – деді саясаттанушы Ерлан Саиров.

Сонымен қатар, заңда қандастарға жер учаскесі жеке қосалқы шаруашылық, бақ өсіру және саяжай құрылысы үшін беріледі. Бірақ ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға ала алады делінген. Ал, саясаттанушы Самат Нұртаза бұл дұрыс шешім екенін айтып отыр. Оның сөзінше, қандас, тағы басқа ұлт өкілі деп бөлмеу керекпіз дейді.

«Жалпы заңды мына латифундистерге бөліп тастау деген сияқты сондай жағдайды болдырмау үшін, менің ойымша, ауылшаруашылығының шаруасын ауылшаруашылығы жұмыс істеуі керек. Заң дұрыс істеуі үшін бізде құзырлы органдар қадағалау керек. Бізде прокуратура бар, полиция бар. Ұлттық қауіпсіздік коммитеті, жемқорлықтар мен парақорлыққа қарсы жұмыс істейтін агенттік бар деген сияқты. Сондықтанда барлығы жұмыс істесе, ол заң іске асады», – деді саясаттанушы Самат Нұртаза.