|
17.05.2019 | 20:29
3366

«Нұр Отан» партиясы апталық жұмыстарын қорытындылады

Бір аптаның ішінде партияның Алматыдағы штабында 36 қабылдау өтіп, 13 мыңнан аса адам тыңдалған

«Нұр Отан» партиясы апталық жұмыстарын қорытындылады

«Бақытты  отбасы» - Алматы» жобасы  еліміздің өзге өңірлерінде де қолға алынуы тиіс. Сонымен  қатар «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» да тек  Алматыда ғана емес, өзге облыс орталықтарында да ашылуы керек. Бұл – «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына  келген  көп балалы отбасылардың  өтініші. Үгіт-насихат жұмыстары басталған бір аптаның ішінде партияның Алматыдағы штабында 36 қабылдау өткен, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Соңғы бір апталық жұмыстарын қортындылаған штаб өкілдері қаладағы 13  мыңнан аса адаммен кездесіп, өз кандидаттарының ерекшеліктерін насихаттаған. Нұротандықтар тек үгіт қана емес, сайлаушылардың сұрақтары мен пікірлерін жинап жатыр. «Есіктен есікке» акциясы барысында тұрғындардан он үш мыңға жуық ұсыныс түсіпті.

«Меніңше, бұл сайлау оңынан болатын сияқты, оған 7 үміткер қатысайын деп отыр. Ішінде белгілі азаматтар бар. Бірақ біздің кандидаттың солардың бәрінен тәжірибесі мол. Саясатта жүргеніне көп жыл болған.  Сыртқы істер министрі болды, Үкіметті басқарды, Сенатты басқарды. Бұндай тәжірибе ешқайсысында жоқ. Ал елді басқару үшін тәжірибе керек», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қалалық қоғамдық штабының басшысы Рахман АЛШАНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир