Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді
Мемлекет басшысы 28-29 қыркүйек күндері Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.
Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Президентінің Нью-Йоркке сапары: соңғы күні қалай өтті