Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

26.01.2021 16:00

Онлайн форматта өткен жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланды

baigenews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли бұған дейін хабарлағандай, онлайн форматта өткен жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланды. Аккредитациядан өткен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аталған іс-шараны «Қазмедиа орталығынан» таратты. 

Осыдан бір апта бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдаған болатын. Кездесу барысында экономикалық өсімді қалпына келтіру, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері жөніндегі шаралар талқыланды. 

Сондай-ақ, сол басқосуда Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық барысы жайында айтқан еді.