|
26.07.2019 | 16:46
2571

ҚР Президенті Борис Джонсонды құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Борис Джонсонға жаңа қызметте табыс тіледі

ҚР Президенті Борис Джонсонды құттықтады казинформ

Қасым-Жомарт Тоқаев Борис Джонсонды Ұлыбританияның Премьер-Министрі лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Борис Джонсонды Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің және Солтүстік Ирландияның Премьер-Министрі лауазымына сайлануымен құттықтады.

«Басқарушы Тори партиясының көшбасшысын сайлаудағы Сіздің айқын жеңісіңіз Ұлыбританияның игілігі жолында қол жеткізген таңқаларлық табыстарыңыздың және адал қызметіңіздің мойындалуын көрсетеді», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ұлыбританияның стратегиялық серіктестікті берік достық, өзара сенім мен түсіністік негізде дамытып отырғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және жаңа инвестициялық мүмкіндіктердің ашылуына сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Борис Джонсонға жаңа қызметте табыс, сондай-ақ, британ халқына бақ-береке тіледі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир