Өтініш 200-ге жуық адам қатысқан денсаулық сақтау қызметкерлерінің жиналысында айтылды
Қарағандылық дәрігерлер ҚР Президентінің сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну туралы «Nur Otan» партиясының ХІХ съезінің шешімін қолдау бойынша үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өтініш 200-ге жуық адам қатысқан денсаулық сақтау қызметкерлерінің жиналысында айтылды.
«Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді өткізуде. Еліміз денсаулық сақтау, білім, ғылым мен мәдениетті дамытуда ауқымды жетістіктерге қол жеткізді. Азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекет саясатының реттілігі адам қызметінің барлық салаларында өз көрінісін табады. Экономика қарқынды дамуда», - делінген үндеуде.
Бүгінде еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасының есімімен байланысты екені сөзсіз, деп атап өтті жиынға қатысушылар. Қазақстан елдің ұзақ мерзімді дамуы, әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыруда, делінген хатта.
«Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының төрағасы ретінде республика азаматтарының экономикалық әл-ауқатын жақсартуға, еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырудың кепілі болып қала береді. «Nur Otan» партиясының ҚР Президенті сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну туралы шешімін толық қолдаймыз. Біз Елбасының стратегиясын жалғастыратынына және тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығын қамтамасыз етуге және одан әрі дамуына бағытталған стратегиялық бағдарламаларды тиімді және толық жүзеге асыру үшін барлық күш - жігерімізді жұмсайтынына нық сенімдіміз», - деді медицина қызметкерлері.
23 сәуірде Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің шешімімен Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің сайлауына үміткер ретінде ұсынылды. Оның кандидатурасын ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы ұсынды. Партия мүшелері Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын бірауыздан қолдады.