Қостанайда бұзылған ғимараттың ішінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

23.04.2019 22:11

Полицейлер сәби 2019 жылғы 28 наурызда көз жұмғанын растап отыр

Қарасу ауданындағы бұзылған ғимараттардың бірінен жаңа туған шақалақтың денесі табылды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

«Баланың анасы арбада отырады. Жүкті әйелдер тізімінде болмаған. Аула аралап тексеру кезінде ол жүктілігін айтпаған. Сәбидің денесі табылған соң анасы анықталып, ол тиісті емдеу шараларынан өтті», - делінген хабарламада.

Полицейлер сәби 2019 жылғы 28 наурызда көз жұмғанын растап отыр. Қазір осы факт бойынша соталды тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр.