|
09.06.2019 | 16:59
5747

Ислам Байрамуков: «Елдегі татулықты таңдаған әрбір адам өз дауысын бағалауы тиіс»

Избиратели получили равный доступ к голосованию, некоторые конституционным правом воспользовались на дому

Ислам Байрамуков: «Елдегі татулықты таңдаған әрбір адам өз дауысын бағалауы тиіс»

«Елдегі татулықты таңдаған әрбір адам өз дауысын бағалауы тиіс». Кезектен тыс Президент сайлауындағы үміткерлерге өз даусын берген палуан Ислам Байрамуков осылай деді. Айтулы додаларда ел намысын қорғайтын споршылардың мықты болуы мемлекеттегі татулыққа тікелей байланысты деп санайды спортшылар.

«Мен еліміздің болашағы үшін дауыс бердім. Отанымыз әрі қарай гүлдене берсін. Қазіргі таңда Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Осы татулығымыз әрі қарай жалғасса деген ниетпен өз таңдауымды жасадым», - деді Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам БАЙРАМУКОВ.  

Ал қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова өз үйінде көшпелі дауыс беру жәшігі арқылы таңдауын жасады. Әнші бұл сайлаудың ел үшін маңызы ерекше екендігін атап өтті.

«Бүгінгі сайлау бізге - үлкендерге той, айтулы мереке. Кім президент болса да, жолды ашық болсын! Еңбектеріне жеміс тілеймін», - деді КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир