Ричард Уильям Вайтц: «Қазақстанда тәуелсіз бақылаушылардың көптігі – демократияның анық нышаны»
Халықаралық бақылаушы сондай-ақ, Қазақстанда тәуелсіз бақылаушылардың көптігіне таң қалғанын жасырмады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандағы Президенттік сайлауға АҚШ-тан бақылаушы боп келген Ричард Уильям Вайтц елімізде өтіп жатқан саяси науқанға жоғары бағасын берді. Ол өзінің алғаш рет сайлауға бақылаушы болғанын да жасырмады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Бүгін 7 сайлау учаскесінде болдым, бір адам сайлаушылар тізімінде жоқ екенін айтқаны болмаса, басқа жағынан бәрі жақсы. Заң бұзушылық орын алған жоқ, адамдар белсенді. Көңілім толды», - дейді Уильям Вайтц.
Халықаралық бақылаушы сондай-ақ, Қазақстанда тәуелсіз бақылаушылардың көптігіне таң қалғанын жасырмады. Айтуынша, ол АҚШ-та мұндай жағдайды осыған дейін мүлдем кездестірмепті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30