|
30.03.2021 | 17:03
1277

Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» жиынында қандай ұсыныс айтты

Пандемия салдарынан айтарлықтай зардап шеккен елдер

Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» жиынында қандай ұсыныс айтты  Аkorda.kz

Дүниежүзілік банктің дағдарысқа қарсы 160 миллиард доллар көлеміндегі көмегі мен Халықаралық валюта қоры беретін 1 триллион доллар кредит жүйесін пандемия салдарынан айтарлықтай зардап шеккен елдерге бөлу аса маңызды. «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиынға қатысқан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет басшысы жаһандық қаржы құрылымдарын, Біріккен Ұлттар ұйымы институттарын, сондай-ақ, өзге де халықаралық және өңірлік ұйымдарды Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы мемлекеттер тобына мүше елдердің экономикалық өсімді қайта қалпына келтіруге бағытталған іс-қимылы кезінде олардың ерекше қажеттіліктеріне баса мән беруге шақырды.

«БҰҰ-ның Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы мемлекеттер тобына мүше елдерге арналған Вена бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының өзектілігі арта түсті. Осыған орай серіктес мемлекеттерді Аддис-Абеба бағдарламасында белгіленген барлық жеті бағыт бойынша жүргізілетін жұмыстарды жұмыла атқаруға, сондай-ақ, дамыту мақсатындағы ресми көмектің қазіргі деңгейін сақтап қалуға үндеймін. Халықаралық қоғамдастықты Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы мемлекеттер тобына мүше елдердің денсаулық сақтау жүйесін дамытуды қолдауға, сондай-ақ, қажетті вакцинаны уақытылы және тиімді бағада сатып алуына көмек көрсетуге шақырамын», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шараларға тоқталып, Қазақстан «БҰҰ-ның гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі жаһандық жоспарын» жүзеге асыруға елеулі үлес қосқанын және коронавирусқа қарсы күрес кезінде бірқатар шет мемлекеттерге жәрдем бергенін еске салды. Мемлекет басшысы қазақстандық «KazAID» халықаралық даму агенттігінің іске қосылғаны жайында мәлімдеп, Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға қолдау көрсету мүмкіндігі бар БҰҰ-ның Орнықты даму орталығын Алматыда ашу жұмыстары жайында айтты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир