|
21.09.2020 | 17:19
5048

Алматыда праймеризге қатысушы үміткерлер 2000-ға жуық іс-шара өткізді

Халықтың барлық топтары үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі – партия мүшелерінің кандидаттарға қоятын негізгі талабы

Алматыда праймеризге қатысушы үміткерлер 2000-ға жуық іс-шара өткізді

Алматыда праймеризге қатысушы үміткерлер 2000-ға жуық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу барысында Алматының нұротандықтары медициналық қамтамасыз ету мәселелеріне алаңдаушылық білдіргені анықталды. Халықтың барлық топтары үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі – партия мүшелерінің кандидаттарға қоятын негізгі талабы. Алматылық партия мүшелері медициналық қызмет көрсету саласындағы ең заманауи технологияларды енгізуді, медицина қызметкерлерінің кәсіби дайындығын жетілдіру үшін жағдай жасауды және мемлекеттік медициналық мекемелерде жоғары білікті дәрігерлердің тиімді қызмет етуі үшін ынталандыруды талап етеді.

Сондай-ақ, қала кәсіпорындарындағы кәсіподақ ұйымдарының мүшелерін әлеуметтік қорғауға бағытталған мәселелер көтерілді. Қаланың еңбек ұжымдарының қызметкерлері лайықты жұмыс жағдайларын жасауға, еңбек заңнамасын жетілдіруге, еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізуге мүдделі. Базалық лауазымдық айлықақыны заңмен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріне ауыстыру жолымен бюджет саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Өткен кездесулердің оң мысалы сөзден нақты іске көшу болып табылады. Мысалы, праймеризге үміткерлердің бірі Алмалы ауданының әкімі және «Nur Otan» партиясы Алмалы қалалық филиалының төрағасы Бекқали Торғаевпен №54 мектепті кеңейту бойынша кездесу өткізді. Сондай-ақ балалардың музыкалық дамуы үшін сыныптар мен жеке ғимарат қосу мәселелері көтерілді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен кездесуде праймериз үміткерлерінің бірі карантинді жеңілдетуді және бұзушылар үшін айыппұлды көбейтуді сұрады. Карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету, дәрігерлерді әлеуметтік қорғау, шағын және орта бизнеске көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Сондықтан, бүгінгі таңда праймериз үміткерлерінее өздерінің бағдарламалық уәделерін орындау, қоғамның қазіргі сын-қатерлеріне байланысты қажетті түзетулер енгізу бойынша байыпты жұмыс қажет. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир