|
05.04.2024 | 17:07
3278

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді

Президент жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді Акорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік, одақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президентіміздің айтуынша, тиісті жол карталары жоспарлы түрде орындалып, келісімдер бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Өзара тауар айналымының көрсеткіші де аз емес. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, оның көлемі 4,4 миллиард доллар болған. Қазір екі ел арасында инвестиция көлемі 2,5 миллиард доллардан асатын 60 бірлескен жоба бар. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапары барысында елдің жеңіл өнеркәсібіндегі озық кәсіпорындардың бірі саналатын кілем тоқу фабрикасын аралады. Одан соң Президенттер өнеркәсіп тауарларының көрмесін тамашалап, шекаралас облыстар аумағында экспортқа бағытталған кәсіпорындар кластерін құрудың маңызын атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды. Мемлекет басшысын Үргеніш қаласының әуежайынан сол елдің басшысы Шавкат Мирзиёев өзі қарсы алды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир