ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің әкесі Ұзақбай Жапарұлы дүниеден озды

13.06.2021 22:20

Кейінгі жылдары Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлер кеңесінде белсенді еңбек етті

пресс-служба правительства РК

13 маусымда еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы және Ақмола облысының құрметті азаматы Ұзақбай Жапарұлы Мамин дүниеден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұзақбай Мамин 1937 жылғы 1 наурызда Ақмола облысы Ерейментау ауданының Благодатное ауылында туған. Құрылыс саласында шеберден бастап «Целиноградэлеватормельстрой», «Целинсантехмонтаж» трестері, Целиноград облысының агроөнеркәсіптік комитетінің құрылыс кешені сияқты бірқатар құрылыс ұйымдарының басшысына дейінгі ұзақ еңбек жолынан өтті. Ерен еңбегі мен жұмыстағы жетістіктері үшін Халықтар достығы және «Құрмет» ордендерімен марапатталды. 

Кейінгі жылдары Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлер кеңесінде белсенді еңбек етті.