|
07.11.2019 | 21:13
8872

Марат Оспановтың 70 жылдығына орай альбом-кітаптың тұсаукесері өтті

Тұңғыш Мәжіліс төрағасының өмірден өткеніне 19 жыл толды

Марат Оспановтың 70 жылдығына орай альбом-кітаптың тұсаукесері өтті

Алматыда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Марат Оспановтың туғанына 70 жыл толуына орай альбом-кітаптың тұсаукесері өтті. Қос палаталы кәсіби Парламенттің тұңғыш Мәжіліс төрағасы міндетін атқарған Марат Тұрдыбекұлының әлі де алар асулары, атқарар шарулары көп еді. Оның өмірден өткеніне 19 жыл толды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шараға Марат Оспановтың әріптестері, достары мен туыстары, еліміздің танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен жазушылар қатысып, естеліктерімен бөлісті. Одан бөлек, көрнекті тұлғаның өмірі туралы деректі фильм көрсетілді.  

«Қай мәселе болмасын өзіндік позициясы бар мемлекеттік көзқараспен қарап, соны шеше білетін азамат. Қазақстанның тарихындағы екі палаталық Парламенттің тарихындағы, Парламент Мәжілісінің тұңғыш төрағасы болған азамат. Өзі экономист ретінде Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы бюджет жүйесінің, салық жүйесінің қалыптасуына демократиялық институттың негіздерінің қалыптасуына бірден-бір үлес қосқан азамат», – деді ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира ИСИМБАЕВА.

Марат Оспанов Ақтөбе өңірінде туған. Үлкен саясатқа да туған жеріндегі жұмыстан кейін келген. Ол өз ғұмырында талай жоғарғы қызметтерді атқарды. Бірнеше мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды, қаржы, салық саласы мен құнды қағаздар комиссиясын да басқарған.

«Марат Тұрдыбекұлының 60 жылдығына орай арнайы қор құрдық. Оны 10 жылдан бері басқарып келемін. Бұған дейін бірнеше кітап жарық көрген болатын. Жаңа альбом-кітаптың негізін Марат Оспановтың қайраткерлік, қоғамдық және тұлғалық қалыптасу кезеңдерін қамтитын суреттері мен мәтіндері құрайды», – деді Марат Оспановтың жұбайы Бақыт ОСПАНОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир