Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда бірқатар кездесу өткізді

Сурет: Аkorda.kz
Сурет: Аkorda.kz
Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев климаттың өзгеруі жөніндегі  БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін "Dubai Expo City" көрме орталығына келді. Саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста сөз сөйлеп, мемлекеттер және бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Еуроодақ президенті Шарль Мишель, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр, Мажарстан президенті Каталин Новак және АҚШ президентінің климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керримен әңгімелесті. Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни және Словения президенті Наташа Пирц-Мусармен, Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Андорра премьер-министрі Ксавьер Эспот Саморамен пікір алмасты.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысады

Новости партнеров