Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков Қазақстанды агроөнеркәсіптің отаны санайды. Оның айтуынша, біздің ел тек ішкі ғана емес, әлемдік нарықты да экологиялық таза тауармен қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ, «Ауыл» партиясы атынан президенттікке түскен кандидаттың Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды сынды еліміздің бірнеше қаласында қоғамдық штабтары ашылды. Олар үміткер Төлеутай Рақымбековтың сайлауалды бағдарламасын насихаттаумен айналысады, – деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Сондай-ақ біз бағдарламамызда жеке кездесулерге көңіл бөлмекпіз. Мысалы өңірлерді аралаймыз, оның ішінде тек ауыл тұрғындарымен ғана емес, қаладағы өндіріс кәсіпорындарының, жоғарғы білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен, студенттерімен кездесіп, «Ауыл» партиясының идеяларын насихаттаймыз», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Төлеутай РАҚЫМБЕКОВ.
Қарағанды облысы бойынша Өңірлік қоғамдық штабының жетекшісі Темірболат МӘЖІТОВ болса
«Біз Төлеутай Сатайұлының бағдарламасы бойынша жұмыс істейміз. Әр қалаға, әр ауданға бекітілген өкілдеріміз бар. Олардың бәрі үгіт-насихат жұмыстарымен айналысады», – дейді.