Жарты жылда 750 лауазымды тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмысы әшкереленді

photo Pixabay
photo Pixabay
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алты айда 1 200 сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс қозғалып, 750 лауазымды тұлғаның қылмысы әшкереленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ақорда сайты таратқан ақпаратта Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады. Қ. Тоқаевқа елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалған. Атап айтқанда, алты айда 1 200 сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс қозғалып, 750 лауазымды тұлғаның қылмысы әшкереленді.

Президентке қылмыстық істі тергеу барысы және келтірілген шығынды өтеу шарасы жөнінде ақпарат берілген. Соның ішінде елден заңсыз жылыстатылған қаржы активтерін қайтару туралы да айтылды.

Олжас Бектеновтің хабарлауынша, аталған шаралар аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жұмысы жалғасуда. Қазақстанның Еуропа кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі конвенциясына қосылуы, жемқорлардың көлеңкелі табысын ашу ісіндегі тиімді әдістің бірі болмақ.


Новости партнеров