|
20.06.2022 | 17:22
4178

Алматыда балалардың спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне қосымша ақша бөлінеді

Қала әкімі 4,5 млрд теңге қарастырып отырғанын айтты

Алматыда балалардың спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне қосымша ақша бөлінеді IPPON judo school

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматыда 44 мыңнан астам бала 594 спорт секциясына тегін барады. Бір уақытта 56 мың бала 1 179 шығармашылық үйірмеге қатысады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихат отырысы барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.


«Бұл бастаманы алматылықтар жақсы бағалап отырғанын айта кету қажет. Өтініш өте көп. Бұл 2,6 млрд теңге сомасына кредиттік берешектің қалыптасуына себеп болды (1,7 млрд тг. – спорт,900 млн. тг. - мәдениет). Осыған байланысты, Ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында біз қосымша 4,5 млрд теңге қарастырып отырмыз. Оның 3 млрд теңгесі спорт секцияларына және 1,5 млрд теңгесі шығармашылық үйірмелерге бөлінеді», - деді қала әкімі.


Бұл ретте, ARTSPORTEDU.KZ бағдарламасының өзінде балалардың, өнім берушілердің деректерін тексеруге, мемлекеттік органдардың деректер базасымен толық интеграцияның  болмауына байланысты проблемалар бар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир