Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андре Карстенспен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бас қосу барысында Алматыдағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ, жасыл экономика, денсаулық сақтау, туризм салаларындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.