Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

21.07.2023 22:16

Ол барша халқын ұлттық мейрамы - Революция күнімен құттықтады

Ақорда

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисиді және Мысыр Араб Республикасының барша халқын ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Мысыр арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен берік ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.