ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне Алексей Калайчиди тағайындалды

30.01.2019 22:17

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне Алексей Калайчиди тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Берік Бисенқұлов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылған болатын.