|
04.03.2019 | 17:17
1961

Қытайда қамалған қазақтар қос елдің азаматтығымен жүрген – Атамқұлов

Жыл басынан бері Қытайда жүрген 33 қазақстандық түрмеге жабылған

Қытайда қамалған қазақтар қос елдің азаматтығымен жүрген – Атамқұлов Фото / © Sputnik

Жыл басынан бері Қытайда жүрген 33 қазақстандық түрмеге жабылды. Бұған олардың қос елдің азаматығымен жүруі себеп болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Анықталғаны, бүгінде дипломатиялық арналар арқылы және консулдардың жұмысы есебінен 20 адам Қазақстанға қайтарылған. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов аспанасты еліндегі отандастарымыз жайлы ақпар берді. Анықталғаны, былтыр 2,5 мың азамат елге қайтып, қазақстандық азаматтыққа өтуге рұқсат алған. Ал Қытайдың түзеу мекемелерінде жүрген азаматтардан Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне мыңнан аса өтініш түскенін мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда біздің қолымызда 1387 арыз бар. Әр тұлғамен жеке жұмысты істеп жатырмыз. Бұл мәселе біздің назарымызда. Қытай Халық Республикасында 1,5 миллионнан астам қандасымыз тұрады. Ал мұның бәрін саяси бағдарға аудармау керек. Себебі, әр елдің өзінің ішкі саясаты бар. Біз де елде өзіміздің ішкі саясатымызды жүргізіп отырмыз», – деді ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВ.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир