|
22.01.2019 | 17:17
2398

Халықты шағын несиемен бизнеске тарту жұмысы баяу жүруде –Сағынтаев

Халықты шағын несиемен бизнеске тарту жұмысы баяу жүруде –Сағынтаев

«Сапасы тым төмен». Бақытжан Сағынтаев Елбасының «Бес әлеуметтік бастама» бағдарламасының орындалуына осындай баға берді. Премьер-министрге әсіресе, төртінші бастамадағы халықты жаппай кәсіпкерлікке шақыратын шағын несие беру нәтижесі ұнаған жоқ. Үкімет басшысы дереу жағдайды реттеуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үкімет отырысында Бақытжан Сағынтаев бес әлеуметтік бастамаға жеке тоқталды. Премьер-министр төртінші бастама, яғни азаматтар жеке кәсібін домалату үшін қарастырылған шағын несие беру жұмысын қатты сынады. Жұмыссыздықпен күресіп, халықты жаппай бизнеске тартуға бағытталған Елбасы бастамасының орындалуы өңірлерде өте баяу деді.

«Микрокредиттерді төрт өңірден басқасының бәрі 100 пайыздан төмен игерген. Көптеген қаржы бөлінді, ал бірақ... Өздеріңіз білесіздер, жыл бойы осы мәселе қаралды. «Атамекенде» де айтылды. Бірақ игеру мәселесі нашар болды. Биылғы жылы игеру мәселесін келгенде, негізгі осы төртінші мәселенің жүргізілуінде қандай баяндамада кедергілер бар, соның бәрін жою керек», – деді ҚР Премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасындағы» қазақстандықтардың жеке баспанаға қол жеткізуінде олқылықтарды Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев түсіндіріп берді. Ол ел тұрғындары тез арада жеке шаршы метрге қол жеткізу үшін «7-20-25» бағдарламасындағы ережелерді қайта қарауын ұсынды. Бас банкир әсіресе, бағдарламадағы «үй алуға ниеттілердің жеке басында пәтері болмауы керек» деген қағида кедергі болып жатқанын айтып қалды. Сондықтан премьер-министр шаруаны осы аптаның аяғына дейін жөнге салуды міндеттеді.

«Бірінші бастама бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Асқар Ұзақбайұлы, Данияр Талғатұлының тарапынан айтылған ұсыныстарды осы аптаның соңына дейін қарап, жұма күні шешімін шығару керек. Шын мәнінде, біраз кедергі бар. Оның бәрін жойып, бағдарламаның жүруін жылдамдатуымыз қажет», – деді БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ.

Журналистер отырыстан кейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан инспектор Ерлан Нұрғалиевті құтақаруға саниавиация неліктен жіберілмегенінін сұрады. Бірақ министр мардымды жауап берген жоқ.

«Мұндай жағдайда жергілікті жедел жәрдем стансаларын қосамыз. Осы жағдайда, біз аудандық ауруханада науқастарды күткенбіз, бірақ олар тікелей қалаға жүріп кеткеннен кейін, біз қаладан көлікті жіберіп, қаланың кіреберісінде қарсы алдық. Әрі қарай ауруханаға жеткізгенбіз. Бірақ өкінішке қарай, жарақаты ауыр болғандықтан, қорықшы кейін қайтыс болып кетті», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.

Ал кулуарда Мәдина Әбілқасымова көпбалалы аналарға мемлекеттен қандай көмек барын түсіндірді. Министр отбасында үш бала болса, жәрдемақы көлемі 95 мың теңгеден асады деді. Егер де бір жанұяда төртінші нәресте дүниеге келсе, сома 159 мың теңгені құрамақ.


Нұржан Сәдірбай, «Алматы» телеарнасы, Астана


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир