|
06.05.2019 | 17:34
2091

Алматыда «Аманат» азаматтық платформасы ашылды​

Ұйым сайлауда Алматы қаласындағы 500 сайлау учаскесінде бақылау жүргізеді

Алматыда «Аманат» азаматтық платформасы ашылды​

Аталған ұйым алдағы сайлауды адал әрі әділетті өткізуге атсалыспақ. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлердің мүддесін қорғаумен де айналысады. Платформаға қазірдің өзінде 600 шақты ерікті тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Келер аптада бұл санат тағы 400 адаммен толығады дейді жаңа бірлестік өкілдері. Олар 9 маусымда болатын сайлауда Алматы қаласындағы 500 сайлау учаскесінде бақылау жүргізеді. Ұйымның құрамында жастар, сарапшылар, азаматтық белсенділер де бар.

«Алматы қаласында ең белсенді саяси күш – кәсіпкерлер. Сондықтан алдағы сайлауда кәсіпкерлердің дауысы өте маңызды болып тұр. Біз бұл сайлаудың заңды әрі өте әділетті өтуін қадағалаймыз», – дейді «Аманат» азаматтық платформасы Алматы қалалық филиалының басшысы Қазыбек ШАЙХ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир