Алматыда ерекше флешмоб өтті

Пресс-служба акимата Алматы
Пресс-служба акимата Алматы
Бір ай бойы сүйікті қаламыз ретке келтірілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мусорги» флешмобы және «Қоқыстан жасалған үздік арт-объект» байқауының жеңімпаздары «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында марапатталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен басталған және қоғамдық кеңістіктер мен экологияға ұқыпты қарауға бағытталған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны «Мусорги» флешмобымен аяқталды.

Қоқыс түріндегі костюмді кейіпкерлерді (Мұнай өңдеу өнімдерінен өндірілетін қоқыс – «Әуе патшайымы» ауаның ластануының символы ретіндегі «Қоқыс бике Мұнайбайқызы» - және т.б.) алматылық суретшілер тобы жасаған, олар осылайша тиімсіз тұтыну мен табиғи ресурстарға жауапсыз қарау салдарына назар аударуға тырысты. Флешмоб тұжырымдамасы бойынша «Мусорги» орталық көшелердің бірі Панфилов бойымен жүріп, Арбатта шеру аяқталды. Жүздеген қала тұрғыны экологиялық мәселені дер кезінде шешудің маңызы туралы пікір білдіріп, ерекше арт-жобаны көруге келді. Жобаға «Астана моторс» компаниясы демеушілік көрсеткен.

«Біздің қала – біздің мақтаныш» науқанының төртінші аптасында «Қоқыстан жасалған үздік арт-объект» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Естеріңізге сала кетейік, шығармашылық сайысқа кез келген адам қатыса алды. Өтінім осы жылдың 12-30 сәуірі аралығында қабылданды. Барлығы 30-дан астам өтінім келіп түсті, оның 15-і мақұлданды.

Байқау қорытындысы бойынша студент Әли Жадықовтың «Ластанған сана» жобасы (1 млн. теңге көлеміндегі жүлде) қоқыстан жасалған үздік арт-объект болып танылды, екінші орын мүсінші Қуаныш Мұхамеджановқа бұйырды, ол ескі ұйымдастыру техникасынан «Қара жылқы және қазақ тазысы» атты робот жасаған (жүлде - 500 мың теңге), үшінші орынды жас сәулетші Даниэль Юсуфовтың «Architecton – Anthropocene» атты жұмысы (жүлде - 300 мың теңге) иеленді.

Іс-шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров сөз алып, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына белсенді қатысқан және қолдау көрсеткен барлық азаматқа, қоғам қайраткеріне және бизнес өкіліне алғыс айтыпп, 8 мамырда ресми түрде аяқталғанына қарамастан, науқан қала тұрғындары үшін өмір салтына айналып, игі істер жалғасын табуға тиіс екенін атады.

- Құрметті тұрғындар! Бір ай бойы сіздермен бірге сүйікті қаламызда ретке келтірдік. Көше, саябақ, сквер, тау мен өзен жағалауын қоқыстан тазаладық, ағаш пен гүл отырғыздық, ауланы жөндедік, қоршау мен қасбетті боядық, ардагерлер мен зейнеткерлерге көмектестік. Бүгін еселі еңбектің нәтижесін көріп отырмыз, бірлескен жұмыстың арқасында қаламыз тазарып, жасыл желекке айналды. Мұндай жұмысты біз үнемі жүргізетінімізді атап өткім келеді. Бұл біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі болуы керек. Мен қала тұрғындарын Алматының еліміздің ең мәдени әрі таза қаласы болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырамын!, - деді Әлішер Әбдіқадыров.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматы қаласында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтті. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алды. Науқан туралы толық ақпарат almaty.kz сайтында және Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланған. Әлеуметтік желілердегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин,  #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Оқи отырыңыз: Ұлы Жеңіске қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамыз


Новости партнеров