Атырауда әскери бөлімнен сарбаз қашты

Министерство обороны
Республики Казахстан
Министерство обороны Республики Казахстан
Ол ұстау кезінде оқ атқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қашып, ұстау кезінде оқ жаудырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Атырау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

8 мамырға қараған түні 41433 әскери бөлімінің сарбазы қару-жарақпен және оқ-дәрімен қашып кеткен. Ұстау кезінде сарбаз оқ жаудырған. Осыдан кейін әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлер "Арлан" және ҰҚК арнайы бөлімшелерін көмекке шақырған. Биылғы 18 сәуірде Ақмола облысынан шақырылған сарбаз өзімен бірге АК-74 автоматы мен 120 дана оқ-дәрі алып кеткені белгілі болды. Бұл оқиғаға қатысты Атырау гарнизонының баспасөз қызметі түсінік берді.

- 2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісінің бекітілген қарумен бөлімді өз еркімен тастап кету фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта әскери қызметші бөлім аумағында. Зардап шеккендер жоқ. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады бөлімшедегілер.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жігіттер аспанға оқ атып, құрмет көрсетті (видео)

Новости партнеров