АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Нұр-сұлтанға 1 ақпанда ұшып келеді
magasin-vis.ru
Сапар аясында Помпеоның ел басшылығымен және ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі қарастырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2020 жылдың 1-2 ақпанында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео іссапармен Нұр-Сұлтанда болады. Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Сапар аясында Помпеоның ел басшылығымен және ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі қарастырылған. Кездесу барысында екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланады», - деп хабарлады сыртқы саяси ведомство өкілі. Еске салсақ, Майкл Помпео Қазақстанға 5 қаңтарда келуі тиіс еді. Алайда 2 қаңтарда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Бағдадтағы америкалық елшілік ғимаратындағы тәртіпсіздіктерге байланысты бес елге жоспарланған сапарын кейінге қалдырған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
15.09.2026 18:10
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
15.09.2026 13:40
15 қыркүйекке арналған валюта бағамы
15.09.2026 09:04
14 қыркүйекке арналған валюта бағамы
14.09.2026 09:00