«Ауыл» партиясы тұрғындарды ағаш отырғызуға шақырды

«Ауыл» партиясы тұрғындарды ағаш отырғызуға шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Өз талыңды отырғыз». Президентікке үміткер Төлеутай Рақымбековты қолдау мақсатында дәл осындай атаумен экологиялық акция ұйымдастырылды. Оның аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі белсенді жастар ағаш егіп, қала көшелерін жасыл желекке толтырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ауыл» партиясының атынан президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков өз бағдарламасында жастар тәрбиесіне ерекше мән берген. Осы тұрғыда экологиялық акцияның да маңызы ерекше дейді үміткердің аймақтық штаб өкілдері. Шараға қатысушылар өз шаһарларын көгалдандырумен қатар, саябақтар мен қоғамдық орындарды тазалады. Бұған қоса, «Ауыл» партиясы атынан саяси науқанға қатысатын кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен танысты.

«Шын мәнінде, ауыл тағдыры – өз қолымызда. Ауыл біржола құрымай тұрғанда, урбанизацияны тоқтату керек. Біздің «Ауыл» партиясының негізгі мақсаты да – осы. Бағдарламада ауылды көркейтудің жолдары жан-жақты айтылған», – деді «Ауыл» ХДПП жастар қанатының жетекшісі Бекнұр МҰРАТОВ.

«Ауыл» партиясы болғаннан кейін, кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасының басым бөлігі, біз ең алғашқы кездесуді ауыл шаруашылығына қатысты білім ошақтары мен фермерлік қожалықтарда өткізуді жоспарладық», – деді Т. РАҚЫМБЕКОВ республикалық қоғамдық штабы төрағасының орынбасары Қуаныш СЕЙТЖАНОВ.

Новости партнеров