Мемлекет басшысы Санкт-Петербург қаласына барды

25.12.2023 22:38

Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады

Акорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады