Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды

20.08.2023 22:38

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Ханойдың «Ной Бай» әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр