«Сайлауалды кезеңде халықтың пікірі маңызды»: Алматыда ҮЕҰ өкілдері сайлауға дайындықты пысықтады

18.04.2019 00:16

Сайлау кезінде әр азаматтың дауыс беруі маңызды дейді Қоғамдық кеңес мүшелері

9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауы әділ, әрі айқын болу керек. Бүгін Алматы қаласы «Нұр отан» партиясының қалалық филиалы, Қоғамдық кеңес мүшелері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері алдағы президент сайлауының маңыздылығын талқылады деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиында алғаш болып сөз алған Рахман Алшанов сайлау кезінде әр азаматтың дауыс беруі маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, тұрғындардың пікірлері ескерусіз қалмайтынын жеткізді. Яғни, проблемаларды үкіметтік емес ұйымдар арқылы басқарушы органдарға жеткізу керек дейді.

«Қазір саясы партиялар өздерінің съездерін өткізейін деп жатыр. Кандидаттарын ұсынатын болады. Ал, мына Қоғамдық кеңестің, үкіметтік емес ұйымдардың сайлау кезіндегі басты міндеті – халықтың пікірін тыңдау, оны билікке жеткізу. Ең алдымен халықтың ойын ескеруіміз қажет», - дейді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман АЛШАНОВ.