Алатау ауданы Әйгерім ықшамауданының тұрғындары өтіп жатқан сайлауда белсенділік танытып жатыр. №32 сайлау учаскесіне отбасын ертіп келгендер көп.
«Бұл сайлау біз үшін маңызды. Мен балаларымыздың болашағы үшін өз таңдауымды жасадым», - деді Мөлдір ЕРБОЛАТ.
2392 сайлаушысы бар 32-ші учаскеде жастардың белсенділігі өте жоғары. Ал сайлау бөлімшесін білмей келген адамдарға Алматы қаласының ресми сайтында орналасқан қосымша көп көмегін тигізіп жатыр екен.
«Біздің тобымыз арнайы оқу курсынан өтті. Барлығы бүгін ауызбіршілікте жұмыс істеп жатыр. Заң бұзушылық тіркелген жоқ. Өзге өңірден тіркеуден шығу турлы анықтамасымен келген 7 адамды қабылдадық», - деді Алматы қаласы № 32 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Светлана ЛОГВИНЕНКО.