Алматыдағы «Жібек жолы» базары жабылуы мүмкін
Қуатты экономика – мықты мемлекеттің кепілі. «Ақ жол » партиясының атынан сайлауға түскен президенттікке кандидат Дәния Еспаеваның ұстанымы осындай. Бүгін ол Алматыдағы «Темірбетон» зауытының ұжымымен және автобөлшек сататын «Жібек жолы» базарындағы кәсіпкерлермен кездесті, – деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қызыл жолақтың үстінде тұрған сауда орны жабылуы мүмкін. Қалалық сәулет құрылыс басқармасы осындай шешім шығарған. Бизнес ортаға қолайлы жағдай жасағанда халықтың тұрмыс жағдайы жақсарады деп санайды Еспаева.
«Қазіргі кезде мұнда 2 жарым мың кәсіпкер жұмыс істейді. Олардың қарамағында тағы 4 мың қызметкер бар. Бірінші тоқсанда кәсіпкерлер мемлекетке 15 млн теңге салық төлеген, ал былтыр олар үкіметке 60 млн салық төлепті. Сондықтан, Сонда 7 мыңдай адамның проблемасын мен өз жауапкершілігіме аламын», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Дәния ЕСПАЕВА.