|
27.09.2020 | 20:26
6309

Армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты ҚР СІМ мәлімдемесі жарияланды

Қазақстан халықаралық ұйымдардың алаңдарында жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге көмектесуге дайын

Армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты ҚР СІМ мәлімдемесі жарияланды gov.kz

Қазақстан Республикасының СІМ армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта орын алған армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына аса алаңдаушылығын білдіреді. Бізге достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдауға, күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға және мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақырамыз. Халықаралық ұйымдардың алаңдарында жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге көмектесуге дайынбыз. АӨСШК қазіргі төрағасы ретінде кеңестің сенім шаралары пакетін пайдалануды ұсынамыз», – делінген мәлімдемеде.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир