Алматыда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасына ескерткіш тұрғызылуы мүмкін

akorda.kz
akorda.kz
Елбасы алғаш 1989 жылы 22 маусым күні Қазақ КСР коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып сайланған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлт көшбасшысына арнап көрнекті  мүсін тұрғызу туралы ұсынысты Елбасына «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық конференцияда жастардың өзі тікелей  айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал өзінің билік басына келгеніне 30 жыл толуына орай өткен алқалы жиында Нұрсұлтан Назарбаев жастарды Отанды сүюге шақырды. Саяси көшбасшының феноменін зерттеуге арналған жиынға билікте биікке шыққан басшылар мен қазақтың зиялы қауымы түгелге жуық жиналды.

Жиынның басты тақырыбы 50 жасқа жетпей ел билігін қолға алған Нұрсұлтан Назарбаев болса, оның жасаған жұмысын жалғастырушы – Президент болып сайланғанына екі апта ғана болған Қасым-Жомарт Тоқаев. Төрде отырған екі тұлғаның тағдырлы таңдау, тұралаған тұрмысты түзеу, төнген саяси қаупті сейілту сынды Тәуелсіз елдің белін бекіту жөнінде жасаған жұмыстарды  жіктеуі – алдымен бүгінгі орта буын мен жастар үшін жол сілтер таптырмас ақыл.  

«Биыл Елбасының ел мүддесі үшін табанды қызметіне ширек ғасырдан асты. Бұл жай ғана мерейтойлық дата емес, қазақстандық даму жолын анықтаған,  ел тарихындағы аса маңызды кезең болды. Қазіргі заманның қарқыны мүлдем өзгеше. Бәсекеге толы заманда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан дәл осы тарихи межеде Елбасымыз айқындап берген бағдарға адал болып, Қазақстанның өркендеуі үшін еңбек ету  басты мақсат деп түсіну қажет», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

Тәуелсіздік тізгіні тиген тұста тұрмыс тұралап, жұмыссыздардың қатары бірден екі миллион адамға жетсе, жылдық инфляция  2000 пайызға көтеріліп кеткен. Елбасы бір жылда елдегі ең ірі 130 кәсіпорын жұмысын тоқтатып, адамдар айлығын тауармен алған, сан жағынан 39 пайызға әрең жеткен жергілікті  жұрттың қатарын көбейте алмай жатқанда, туу көрсеткішінің күрт кері кетуі сынды тығырыққа тірелген қиын кездерді еске  алды. Семей полигоны, Аралдың тартылуы, өндірістің тоқтауы, тауар мен шикізаттың тапшылығы сынды жан жақтан жабысқан жоқшылық онсызда ел басқаруға тәжірибесі аз азаматтарды сергелдеңге салған. Бүгінде бұлыңғыр болғанмен, кезінде шешуші рөл атқарған істерді ұмытпай, жастарға айту керек. «Тәуелсіздігіміздің тарихын білмейтін және оған қызығушылық танытпайтын жастар өз Отанын жоғалтып алуы мүмкін екенін сезінбейді» – деді Елбасы.

«Бөліп алда, билей бер» деген жымысқы саясатқа қарсы тұруымыз керек. Бізге төнетін ең үлкен қауіп осы. Тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен келгенін зерттемейтін жастар адасуы мүмкін. Бүкіл халық болып бірлікті, тыныштықты қолдауымыз қажет. Қазақ дәл бүгінгідей өмірді ешқашан көрген жоқ. Осыдан айырылып қалмайық, ағайын. Менің еліме айтатын негізгі өсиетім – осы», – деді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ  

Қиындықтан қазіргі бар көрсеткіштерге тоқталсақ. Елдегі жалпы ішкі өнім әу баста 11 миллиард доллар болса, қазіргі көрсеткіш 170,5 миллиард долларға жеткен. Бұл бүкіл Орта Азия елдеріндегі ішкі өнімінен  60 милолиард долларға артық. Халықаралық қор нарығында жиналған 86 миллиард доллар мен құнды қағаздар тағы бар. Тұрақтылықтың арқасында 300 миллиард доллар инвестиция тартылған.  Халық саны 3,5 миллион адамға көбейді. 219 жаңа аурухана, 1200-ге жуық емхана мен амбулатория, 1849 жаңа мектеп, 900-ге жуық балабақша ашылды.  

«Елдің басшысы – көшбасшысы. Осы барлық міндетін Елбасымыз осынша жыл абыроймен атқарды. Қиын-қыстау күндердің бәрін халықпен бірге өткізді», – деді мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек БАЙГЕЛДІ.  

Әу баста басты проблемамыздың бірі болған ұлтаралық араздық қазір түбегейлі шешілді. 150 шақырымға дейін тартылған Арал теңізінің солтүстік жағында жасалған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде, бассейн қайта тола бастаған. 30 шақырымға кері қайтқан теңіз арқылы бүгінде жыл сайын 8 мың тонна балық тек осы Арал арқылы экспортталады.  

«Ел басқаруға 1979 жылы Орталық комитеттің хатшысы болып келдім. 5 жыл жұмыс істеп, бүкіл өндіріс менің қолымда болды. Одан кейін 5 жыл үкіметті басқардым. Содан кейін мына 89 жылы бірінші хатшы болып сайландым. Қараңыздар, содан ебрі 40 болыпты. 40 жыл күш қуатымды, жігерімді еліме жұмсадым. Осындай уақыт өткеннен кейін халқымның алдында  мойнымдағы парызымды біршама орындадым деп, өзімнің өкілеттілігімді тоқтатып, келесі буынға жол бердім», – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.  

Тұңғыш Президент өз баяндамасында үш мәселеге кеңірек тоқталды. Елбасы 30 жыл бұрын ел алдында көлденең тұрған қиындықтарды еске алып,  және  шаштан етектен келетін шаруаны қалай шешкендерін айтты. Соңында қазақ халқын алда не күтіп тұрғанына тоқталды.

1989 жылы 22 маусым күні осыдан отыз жыл бұрын, Қазақ КСР коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып сайланған Нұрсұлтан Назарбаев. «Әлем тоқтаусыз даму үстінде, өспелі жаһандық  бәсекеде сын сағаттары сәт сайын кездеседі. Біз әлі аяғынан нық тұрмаған елміз. Тыныштық пен бірлік, экономикалық өсу жолында тынбай, аянбай еңбек етуіміз керек» деген болатын.

Новости партнеров