Президенттікке үміткер Қ.Тоқаев штабы этномәдени бірлестіктердің басын қосты. «Нұр Отан» партиясының атынан сайлауға түскен кандидаттың сенімді өкілдері жиында түрлі энтос шоғырланған Қазақстанда ұлтаралық келісімді сақтау маңызды екенін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Бұл кездесудің мақсаты – Қазақстан Халқы Ассамблеясын құрайтын этномәдени орталықтардың басшылары мен өкілдерімен бірігіп, Нұр Отан партиясының атынан ҚР Президенттігіне түсіп жатқан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды платформасын кеңінен насихаттап, түсіндіру», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалалық сайлауалды штабының мүшесі Борис ЖАПАРОВ.
Ірі кәсіпорындар зиянды қалдықтарды азайтатын немесе тазартатын жаңа технология енгізуі керек. Бүлінген экологияны жақсартудың бір жолы осы. Оның нақты жолдары президенттіккке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген. Оны кандидаттың сенімді өкілдері Шығыс Қазақстан облысының жұртына жеткізді.
«Біздің кандидатымыз өзінің сайлауалды бағдарламасында таза қоршаған ортаны қалыптастыруға басымдылық беретінін айтып отыр. Қ.Тоқаев бұл бағытта алда Қазақстанның заңдарын ары қарай жетілдіруге үлкен көңіл бөлінетін болады», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық штабының басшысы Мәулен ӘШІМБАЕВ.