Руслан Дәленов Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

25.02.2019 23:13

Руслан Дәленов Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.


Руслан Ерболатұлы 1975 жылы 8 ақпанда Астана қаласында туған.

Ыстанбұлдағы Мармара университетін бітірген.

Еңбек жолын ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кірістерді талдау және болжау департаментінде жетекші маман қызметінен бастады.  Аталған министрлікте басшылық лауазымдарда қызмет етті.

ҚР Қаржы министрлігі Кірістер, конвенциялар және келісімшарттар департаменті Ағымдағы кірістер басқармасы бастығының міндетін атқарушы, Салық комитеті Кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасының бастығы, Кірістерді талдау департаментінің директоры болды. 2008 жылдан ҚР Қаржы вице-министрі қызметін атқарды.