ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қайрат Келімбетовті қабылдады

13.05.2019 23:18

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытудың маңызды екенін айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кездесу барысында орталықтың қазіргі жағдайы және алдағы жоспары сөз болды. Өз кезегінде, Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытудың маңызды екенін атап өтті.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы - ең ауқымды әрі маңызды жобалардың бірі. Біз оған зор үміт артып отырмыз. Бұл құрылым Қазақстанның ғана емес, бүкіл өңірдің қаржы орталығына айналады. «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемнің басқа қаржы орталықтары сияқты дамитын болады. Мен бұл бастаманың табысты болғанын қалаймын», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті  - Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.