Наурыз айында Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарлары жоспарланған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рrimeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Мәскеуде Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен шағын және кеңейтілген форматта келіссөздер өтеді. Тараптар екі елдің мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ өзара тиімді сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шараларын талқылайды.
Ташкентте Олжас Бектенов Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларында кооперацияны дамыту перспективаларын талқыламақ.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады