Ғалым Мұтанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры: «Алдағы уақытта Елбасы тапсырмаларын түгел орындауымыз керек»

Ғалым Мұтанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры: «Алдағы уақытта Елбасы тапсырмаларын түгел орындауымыз керек»
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кеңес империясы ыдырап, Тәуелсіз Қазақстанның тізгінің алғашқы Президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұстауы, біздің халқымыз үшін зор бақыт болғаның осы кезеңде айрықша сезінудеміз. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен кемеңгерлігі мен қайраткерлігі арқасында Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізі қаланды. Елдің бірлігін, жердің тұтастығын сақтап қалдық. Елбасы халқымызды небір қиындықтардан, дағдарыстардан  аман-есен алып шығып, дамыған елу елдің қатарына қосты. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауда, болашағына қызмет етуде барлық қазақстандықтарға үлгі бола білді. Өзі атап айтқандай, бар күш-жігерін, денсаулығын, уақытын аямай халқына адал қызмет етті. Президенттің шешімі мен үшін де, біздің ұжым үшін де, тосын жағдай болды, өйткені университеттің көптеген болашақ іс-жоспары Елбасының тікелей тапсырмаларымен байланысты. Алдағы уақыттағы біздің міндетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының барлық тапсырмаларын абыроймен орындап шығу.

Жаңа лауазымды қызметтерде Нұрсұлтан Әбішұлына ел мүддесіне арналған еңбектеріне зор табыстар тілейміз! Барлық қазақстандықтарға тілегіміз - Елбасымен бірге Отанымыздың болашағына аянбай еңбек етіп, Қазақстанды отыз дамыған елдердің қатарына жеткізу!

Новости партнеров